"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен өз құқығымды білемін – өз міндеттерімді сақтаймын» атты спорттық ойын-сауық квесті

10.11.2025

Іс-шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында Аршалы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Мен өз құқығымды білемін – өз міндеттерімді сақтаймын» атты спорттық ойын-сауық квесті өтті.

Іс-шараның мақсаты: тәрбиеленушілер Конституцияның негізгі ережелерімен, азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және қызықты түрде жауапкершілік сезімін және ұжымдық рухты дамыту.

Іс-шара екі ауысымда өтіп, қатысушылардың көбірек келуіне мүмкіндік берді. Қатысушылар командаларға бөлініп, оларды әртүрлі тапсырмалар күтіп тұрған станциялар арқылы өтті:

Азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы интеллектуалды викториналар; спорттық эстафеталар мен белсенді ойындар; тапқырлықты, жылдамдықты және өзара көмекті қажет ететін жарыстар.

Шара қуаныш, достық, өзара түсіністік жағдайында өтті.

Балалар сұрақтарға белсене жауап беріп, жарысып, бір-бірін қолдап, сауатты азамат болу маңызды ғана емес, қызық екенін дәлелдеді!

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст