17 қаңтарда Аршалы балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығында ашық сабақтар кестесіне сәйкес «Жас эрудит» үйірмесі бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты қосымша білім беру мұғалімі Ксения Васильевна Стоволосова жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Сыйқырлы ертегілер. Ертегілер нені үйретеді?»Ашық сабаққа: «Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысының дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ әдіскері Ажимуратова Жанара Таңатқызы, Аршалы БЖШО директоры Коростелева Н.Н., қ/бб оқытушысы Бычков С.А., қ/бб оқытушысы Московкина Н.В. Күнтізбелік-тақырыптық, қысқа мерзімді жоспар үйірменің оқу бағдарламасына сәйкес келді. Сабақ барысында оқушылар «Ертегілер әлеміне» барып, ертегі кейіпкерлерімен, сиқырлы заттармен кездесті, тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар ертегілерді білу бойынша барлық тапсырмаларды сәтті орындап, коммуникативті дағдыларын көрсетті. Мұғалім тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлерін қолданды, оқушылар белсене қатысты, сабаққа қызығушылық танытты, ертегілерді жақсы білетіндерін көрсетті.