Жаңа жыл мерекелері қарсаңында «Қауіпсіз жаңа жыл» тақырыбында Балалар - жасөспірімдер шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары өткізілді.
Әңгімелесу барысында балалар жаңа жылдық шырша орнату кезінде сақталуы тиіс негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсірді. Мүмкін болатын қауіп-қатерден сақтану үшін шыршаны безендіру үшін қандай ойыншықтарды қолданған дұрыс екенін білді. Балалар шыршаны қағаз ойыншықтарымен және мақта әшекейлерімен безендіре алмайтынын есте ұстаған жөн, өйткені бұл өртке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ балаларға үй ішінде отшашу, от жағу, шырақ жағуға, әсіресе үлкендердің қарауынсыз үйде отшашуды қолдануға болмайтыны ескертілді. Әңгіме соңында балалар «Қауіпсіз Жаңа жыл» тақырыбындағы мультфильмді тамашалады.
Балалар Жаңа жылды тойлау кезінде есте сақтау қажет барлық маңызды қауіпсіздік ережелерін есте сақтады.